
Кәсіби бағдарлау, кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдау немесе мамандыққа бағдарлау (лат. professio — кәсіп және фр.orientation-орнату) — жастарды мамандық таңдауға дайындау, жастарға кәсіби өзін-өзі анықтауға және жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталған ғылыми іс-шаралар жүйесі. Орта сыныптарда жасөспірімдер нақты бағыттар мен мамандықтарды таңдайды. Бейімділік бар нәрсені мүмкіндігінше ертерек табу және осы дағдыларды дамытуды бастау маңызды.