СҚУ-да өткен Ашық есік күні жарқын, мазмұнды әрі шабытқа толы болды! Қонақтар үшін қызықты кездесулер, университетпен танысу, сондай-ақ әркім өз қабілетін көрсете алатын тартымды конкурстар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенді түрде қатысып, достық пен көтеріңкі көңіл күй атмосферасын қалыптастырды. Ерекше сәттердің бірі – конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау болды. Үздіктер лайықты сыйлықтарын алып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Университет өкілдері барлық қонақтарды қуана қарсы алып, бұл күнді барынша жайлы әрі есте қаларлық етуге тырыстық. Әрбір адам жақсы әсермен қатар, университеттің үлкен отбасының бір бөлігі болуға деген ниетпен қайтты деп сенеміз!





