
Жасөспірімдер арасында жыныстық қарым-қатынас пен ерте жүктіліктің алдын алу олардың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын түсіну маңызды. Жасөспірімдер арасында жыныстық қол сұғылмаушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу білім беру мекемелерінің, денсаулық сақтаудың, ата-аналардың және бүкіл қоғамның мақсатты күш-жігерін қажет етеді. Сондықтан нақты білім мен дағдыларды ұсыну мақсатында мектептің медицина қызметкері А. А. Бакирова қыз балалармен «Жасөспірімдерге қамқорлық: жыныстық қол сұғылмаушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу» атты әңгіме жүргізді.

