2023 жылғы наурыздың 24 мен сәуірдің 1-і аралығында Семей қаласында U17 арасында әйелдер күресі бойынша Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Аталған чемпионатқа облыс құрамасының мүшесі мектебіміздің мақтанышы, 10-сынып оқушысы Стратан Анна қатысты. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған таңдаулы палуандар арасындағы тартысты додада Анна күміс медальға ие болды.Жеңісің құтты болсын Анна, алдағы жарыстарда биік шыңдардан көренуге тілектеспіз. Тек қана АЛҒА АННА!!!


