Педагогтар съезі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Республикалық педагогтар съезінде білім беру саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті. Біздің ұжым Президенттің сөйлеген сөзіндерінің ішіндегі педагогикалық мамандықтар студенттерінің жалақысы мен шәкіртақыларын арттыру мәселелері ең маңызды деп есептейді, бұл мұғалім мамандығын таңдаған педагогтар мен студенттердің кәсіби өсуіне үлкен ынталандыру болып табылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Үш жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 220-ға жуық оқытушы шетелде оқығанына», сондай-ақ «біздің тәрбиеленушілеріміз ширек ғасырда әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадаларда 12 мыңға жуық медаль жеңіп алғанына» назар аударғаны қуантады, бұл қазақстандық білім берудің беделін көрсетеді.

Мемлекет басшысының «Мектеп ең қауіпсіз орынға айналуы тиіс» деген пікірімен толық келісемін. Соңғы уақытта мектепте қорқыту (буллинг) жағдайлары жиілеп кетті, бұл оқу процесіне теріс әсер етеді. Президент тағы бір өзекті міндетті көтерді – бұл қалалық және ауылдық мектептердегі білім беру сапасының теңсіздігін жою, өйткені ауылдық жерлерде білікті педагогтардың жетіспеушілігінен және жабдықталмаған материалдық базадан сапалы білім алмайтын дарынды балалар аз емес. Педагогтар мен білім беру жүйесіне көңіл бөлгені үшін Президентке үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x