Жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу

Бүгін мектептің медицина қызметкері мен учаскелік инспектордың ұйымдастыруымен жыныстық қол сұғылмаушылықтың, құқық бұзушылықтардың және ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде маңызды және танымдық іс-шара өтті. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы профилактиканың өзекті мәселелері, соның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылық, құқық бұзушылықтар және ерте жүктілік мәселесі қозғалды. Аталған іс-шара мектеп оқушыларының денсаулығы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылар ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүзеге асыруға көмектескен педагогикалық ұжым да қатысты. Медициналық және құқық қорғау салаларының өкілдері оқушыларды өзін-өзі қорғау, жауапкершілік және өз денсаулығына қамқорлық жасау негіздерімен таныстырды

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x