Мектепте оқушылармен жазғы суға щомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қолдану, ата-аналардың рұқсатынсыз тыйым салынған жерлерге бармау туралы сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: су қоймалары орындарында қауіпсіздік ережелерін білу, жазғы демалыс айларында басқа да демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын сақтауды есте ұстау.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты бар жерлерде шомылыңыздар;
• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
• шомылу кезінде бір біріңізден алшақ кетпеңіздер; алғашқы көмек көрсету ережелерін білу қажет.