«Минкесер орта мектебі» КММ-де психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасында «Границы моего тела» тақырыбында қызықты әрі танымдық сабақ өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жеке шекаралары туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз және қауіпті жанасуларды тануға үйрету, сондай-ақ қосымша психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет етуі мүмкін балаларды анықтау. Сабақ барысында бесінші сынып оқушылары жеке шекаралардың не екенін, оларды орнату мен қорғаудың маңыздылығын ойын түрінде білді. Психолог балаларға қандай жанасулар дұрыс және қайсысы дұрыс емес екенін және біреу олардың жеке шекараларын бұзған