Құрметті жерлестер, «Мамбетов және К» командиттік серіктестігі ұжымы, құрылтайшысы Еркебулан Мамбетов, бас директор Ойрат Еркебұланұлы, ауыл шаруашылығының еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ауыл шаруашылығы – халқымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді.
Минкесер орта мектебінің ұдайы демеушісі болып келетін Еркебұлан Нұрмағанбетұлы бастаған «Мамбетов және К» серіктестігінің ұжымына табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспіз. Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, табиғаттың тылсым күші айналып өтіп, еккен дәндеріңіз берекелі өніммен қуантсын! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!