
Ұлы Жеңістың 78 жылдығы қарсаңында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-8 сыныптар арасында «Соғыс сәті кітап жадында» атты оқырмандар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы лирикалық шығармалар мысалында оқушыларды азаматтық патриотизмге тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың Ұлы Отан соғысы оқиғаларына қатысты сезімдерін қалыптастыру, тарихи жадыны сақтау. Байқау қорытындысы бойынша 7 сыныптан Ерматышева Алтын, 8 сыныптан Қаражұманова Қарақат жеңімпаз атанды. Олар Ұлы Отан соғысы туралы, соғыстың қиын жылдарында батылдық, табандылық, жеңу қабілеттерін көрсеткен адамдар туралы өлеңдер оқыды. Байқаудың барлық қатысушылары грамоталармен марапатталды.

