Баскетболдан дәстүрлі облыстық турнир

2024 жылдың 12 қаңтарында Мамлют ауданының «Минкесер орта мектебі» КММ-де 2010-2011 ж.т. және одан кіші қыздар арасында баскетболдан дәстүрлі облыстық турнир өтті. Турнирге 4 команда қатысып, ойындар айналма жүйе бойынша өтті, тартысты бәсекеде жүлделі орындар келісі тәртіппен бөлінді: 3 орын – Мамлют ауданы «Дубровинка ОМ» КММ; 2 орын – Мамлют ауданы «Минкесер ОМ» КММ; 1 орын – Қызылжар ауданы «Соколов ОМ» КММ бұйырды. Ашылу салтанатына қатысып сөз сөйлеген турнир демеушісі «Мамбетов және К» КС атқарушы директоры Ахметов Құсайын Серғалиұлы, турнир соңында кубог жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Оқушыларымыз керемет ойын тәжірибесін, көптеген жағымды эмоцияларды алды, командалас құрбыларының арасынан жаңа достар тапты. «Минкесер ОМ» КММ әкімшілігі атынан аудан мектептерінің оқушыларына тегін тамақ ұйымдастырғандары үшін Мамлют ауданының АОБ-не алғысымызды білдіреміз. Болашақта аудан, облыс спортшылары біздің мектеп қабырғасына бұдан да үлкен турнирлерге жиналады деген үміттеміз және шеберліктерін шыңдай отыра жақсы эмоция алатындарына сенеміз. Ең бастысы жастарымыз спорт саласын дамытуда Қазақстанымыздың әлемдік деңгейде шарықтауына зор үлестерін қосатындарына нық сенім білдіреміз. Тек қана АЛҒА 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x