1 қыркүйек

Бүгін “Минкесер орта мектебі” КГУ жаңа оқу жылына қадам басып, алғашқы қоңырауын соқты! 📚🎉

Мерекелік бағдарламаға барлық оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер жиналып, жаңа оқу жылының басталуына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

✨Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырауын естіп, мектеп оқушыларының жақсы тілектеріне ие болды.

Бағдарламаға біздің қолдаушымыз КТ”Мамбетов и К” директоры Мамбетов Ойрат Еркебұланұлы қатысып, сонымен қатар мектебіміздің директоры Балағанов Еркебұлан Баяхметович жылы лебіздерін білдіріп, ата-аналар мен мұғалімдердің “Білім күніне” арналған

құттықтаулары айтылды.

🎉Жаңа оқу жылы біз үшін көптеген есте қаларлық табыстар мен жетістіктерге толы болатынына сенімдіміз!

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x