Ұстаз – ұлағатты есім

«Ұстаз – ұлағатты есім»

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Галина Борисовна Исаенко 1955 жылы 5 қарашада Ресей Федерациясының Архангельск облысының Молотовск қаласында (Қазіргі Северодвинск қ.) дүниеге келді. Ол кісі үлкен еңбек жолынан өткен мейірімді жүрегі мен жаны бар адам. Галина Борисовна өзінің еңбек жолын 1974 жылы 7 ақпанда бастады, оған сегіз жылдық Озерный мектебіне неміс тілі мен химия пәнін жүргізуді ұсынды. 1984-1985 жылдары мектеп меңгерушісі болды.1986 жылы қазанда мектеп Минкесер орта мектебі болып қайта құрылды. 1993 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстырылды, 1997 жылдан бастап кітапханашы қоса берілді. 2003 жылдан бастап мектеп кітапханашысы болып ауыстырылды. Галина Борисовна бала кезінен оның алғашқы мұғалімі Яковенко Вера Никитичнаға ұқсап мұғалім болғысы келді, арманы орындалды. Оның еңбек кітапшасында тек үш немесе төрт жазба бар, жұмыс өтілі 46,5 жыл. Еңбек жолында Галина Борисовна АОБ және Новомихайловск әкімдігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.Галина Борисовна бақытты адам! Балалары мен немерелерін, өз жұмысын жақсы көреді, ұжымда құрметке ие, әрдайым көмекке келуге, жақсы кеңес беруге дайын.

Лайықты демалыста болған Галина Борисовна өзінің еңбек жолын біздің мектептің қабырғасында жалғастыруда. Сізге зор денсаулық, алдағы жылдарға бақыт тілейміз!!!!

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x