«Ардагер ұстаздар – асыл жандар»

Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Біздің кейіпкеріміз – Кажекова Шалқыма Шамғанқызы 1959 жылғы желтоқсан айының 20-ында Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы Бексейіт ауылында дүниеге келген. 1978 жылы К.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институттың «Жаратылыстану-география» факультетіне химия-биология мамандығы бойынша түсіп, 1983 жылы бітіріп шыққан. Тағдырдың жазуымен Шалқыма Шамғанқызына туған өлкеге қызмет ету бұйырып, Меңгесер орта мектебіне ұстаздық қызметке келеді. Бір мектепте 35 жыл табжылмай қызмет атқарып, 2018 жылы құрметті зейнет демалысына шығады. Қатардағы мұғалімнен мектеп директоры қызметіне дейінгі еңбек жолында өз ісінің майталманы болу екінің бірінен келе бермейтіні анық. «Кейде бір адам жеткен жетістіктерімен басқа адамдарды шабыттандыруы мүмкін» Мұғалім мамандығы біздің заманымызда ғана емес, әр уақытта қоғамда маңызды, өйткені мұғалімдер – біздің дүниетанымымызға әсер ететін, өмірге қажетті дағдыларды үйрететін жандар. Мұғалім – бәріне бірдей лайық бола бермейтін кәсіп. Балаларды тәрбиелеуде қамқорлық танытатын мұғалім ретінде көрсете білген Шалқыма Шамғанқызы Кажекова Солтүстік Қазақсан облысына еңбегі сіңген ардагер ұстаз. Әріптестері мен оқушылары Шалқыма Шамғанқызын талантты және керемет ұйымдастырушы ұстаз ретінде біледі. Ол шәкірттерін сапалы білім алып, өз Отанының патриоты, білікті де білгір маманы болуға, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиеледі. Қазіргі таңда зейнет демалысында бола тұра білім жолында қызметін жалғастырып, жас ұстаздарға мол тәжірибесімен бөлісуде. Отбасында Еркін ағамызбен ұл-қыз тәрбиелеп, немерелерінің қызық-қуанышына бөленіп отырған үлгілі шаңырақ иелері қатарында.

Міне, осындай ұлағатты ардагер ұстаз, білімді де білікті, іскер ұйымдастырушының туған елі мен жері үшін істеп отырған ізгілікті де игілікті істері, ерен еңбегі елене берсін.

Изгі тілекпен: «Меңгесер орта мектебі» ұжымы.

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest

0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Источник дополнительной информации

0
Оставьте комментарий! Напишите, что думаете по поводу статьи.x