«Өнер мектебінің» қолдауымен «Домбыра үйірмесі»

«Нағыз қазақ, қазақ емес — нағыз қазақ домбыра» — деп атам қазақ жай айтпаса керек. Қазақтың ұлттық аспаптарының көсемі домбыра аспабы.

«Минкесер орта мектебі» КММ-де қаңтар айының 23-нен бастап мектеп басшысы Балағанов Еркебұлан Баяхметұлының бастамасымен және Мамлют аудыны «Өнер мектебінің» қолдауымен «Домбыра үйірмесі» ашылды. Үйірме жетекшісі аудындық, областей өнер сайыстарының саңлағы Хамитов Аяз Ардақұлы. Үйірмені ашқандағы мақсат: иісі қазақ Минкесер ауылында киелі аспабымыз домбыраның үнін шығарып, жас жеткіншектерді осы аспап түріне баулу. Бір қуантарлығы үйірме ашылғалы аз уақыт болса да, домбыра үйренушілер қатары бірден артқаны. Келешекте жас өнерпаздарымызға домбыраның тетігін тауып, еліміздің биік сахналарында өз өнерлерін паш етеді деген үмітіміз бар. Айта кететін тағы бір жақсы жаңалық үйірмеде әр ұлттың өкілдері домбыраға деген құштарлықтарын танытқандары. Алдағы уақытта шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest

0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Дополнительные источники

0
Оставьте комментарий! Напишите, что думаете по поводу статьи.x